Жаңалық

Қызылордада креативті туындылардың көрме-жәрмеңкесі өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қызылордада С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында кәсіби және әуесқой қолөнер шеберлерінің «Ұлттық өнердің түнгі сыры» атты көрме-жәрмеңкесі өтіп, креативті туындыларын көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Ағаштан жасалған ерекше бұйымдар, кестелеп тігілген ұлттық киімдер, этносөмкелер мен киіз-кілемдер көрменің сәніне айналды. Іс-шарада 100-ден аса туынды сатылымға шығарылды.

Бұдан бөлек, домбыра жасау, құрақ құрау бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, мамандарға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ киізден пано жасау үлгісі, кілем тоқу техникасы, қыш өнерінің құпиясы секілді пайдалы дәрістер ұйымдастырылды.

Іс-шара мәдени мұраны насихаттауға, креаторларды өз өнімдерінен табыс табуды қолдауға бағытталған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button