Жаңалық

Қызылордада тарихшылар слеті өтті

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында өтетін «Сыр өңірі ежелгі заманнан бүгінге дейін» тақырыбында тарихшылар слеті өтті. Онда ежелгі қалалар мен кесенелер, тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы өзекті мәселелер талқыланды.

Мұндай жиналыстың негізгі мақсаты «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Сыр өңіріндегі қасиетті жерлер киелі орындардың, тарихи ескерткіштер бүгінгі жай-күйі де назардан тыс қалған жоқ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орта мектептерде «Өлкетану» пәні де  енгізілді. Қызылорда қаласының көне замандардан бүгінге дейінгі тарихы туралы мәселелерді талдау болып табылады.

Слетте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Т.Я.Сәтбай «Өлкетану – Отандық тарихтың құрамдас бөлігі», Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері Еркебұлан Алдабергенұлы Елеуов «Сыр өңіріндегі кесенелер мен мұнаралы ескерткіштер», «Археология, этнография ғылыми-зерттеу» орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Тәжекеев «Ортағасырлық Сортөбе (Ордазы) қалашығындағы археологиялық зерттеулер» Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Еңлік Әбілқасымқызы Баймырзаева «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын жүзеге асырудағы музейлердің рөлі», Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Әнешұлы Тұяқбаев «Сыр өңірі тарихы көркем шығармаларда» тақырыбында баяндама оқыды.

Сананы жаңғырту жұмысы мәдени жадқа, символикалық, киелі және мәдени-тарихи заттарға негізделуі тиіс. Киелі жерлер немесе рухани қасиетті орындар – халықтың рухани дәстүрінің тірегі. Сыр бойында осындай орындар көп. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы ұлттық нышандарды, қазақстандық ұлттық бірегейліктің каркасын анықтауға мүмкіндік береді.

«Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі», – деген еді Елбасы өз мақаласында.

Сыр өңірін археологиялық тұрғыдан зерттеудің бірнеше бағытта өрбігендігін аса маңызды ашылулармен атап өтуге болады. Арал маңының неолит және энеолит дәуірлеріне, географиялық кең түсінікпен қарағанда, ортаазиялық «қосөзен» Сырдария мен Әмудария аймағында ежелден өркениеттер ізі сақталған. Өлкемізде біздің заманымыздан бұрынғы VI-III мыңжылдықтардың өзінде туыстас тайпалардың қоныстануы аңғарылады. Олардың экономикасы қарапайым, яғни, аңшылық және балық аулау кәсіптері еді.

Бұл мәдениеттің үлкен тұрақтары (Сексеуіл, Көнту, Ақеспе, Қарасандық, Шөлқұм, Тәмпі, т.б.) Солтүстік Арал маңы мен Кіші Борсық құмдарынан табылды. Олар өмір сүруге жайлы, суға жақын аймақтарда орналасқан. Тастан жасалған еңбек құралдарынан басқа, қой, сиыр және құланның сүйектерінің табылуы алғашқы қауымдық тайпалардың отарлап мал өсіру кәсібіне өткендігін көрсетеді.

Міне, атам заманнан өркениет ізі өшпеген Сырдың бойы әр төбесі қасиетті жер болып табылады. Сол себепті, тарих көзімен қарағанда кешегі, яғни кейінгі ортағасырлық пантеонға айналған ірі қорымдар немесе киелі саналып кеткен тарихи орындарға тоқталмас бұрын өңіріміздің киелі (қасиетті) орындарының орналасуы, мерзімделуі және ерекшеліктерін талдауды жөн санадық.

Слет жұмысына облыстағы, қаладағы, аудандағы білім мекемелерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button