Жаңалық

Қызылордалық жаңадан туылған сәбилерге домбыра сыйға берілді

Қызылордадағы  перенаталдық орталықта домбырашылар «Домбыра Fest» шеберлік сағатын өткізді.

Үйіне қайтарылатын сәбилерге сый ретінде домбыра таратылды. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы сыйлығы ретінде домбыраны таңдаудың басты мақсаты жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру, ата-ананың ұлттық тәрбие беруіне ықпал ету.

«Баланы перзентханадан алып келуге келгенімізде неге гүл сыйлаймыз?! Неге домбыра сыйламасқа? Гүл сол сәтте солып көркі кетеді біріншіден, екіншіден балаға да анаға да зиян болып, жақпауы мүмкін, ал домбыра болса өмір бойы керек. Жалпы қазақ болып осындай ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін сый жасап, ұрпағымыздың кемел келешегіне мән берейік ағайын», – деді «Рухани жаңғыру орталығының» басшысы Н.Мыңжас

Сонан соң Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда үзіліс кезінде ұлттық күйлер мен Сыр сүлейлерінің жырлары орындалды. Жанды дауыста күй шерткен домбырашылар оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып ерекше көңілге бөледі. Рухты Сыр топырағың балалары жыраулар орындаған сүлейлерге көздері оттай жанып қолдап, қолпаштап тұрды.

«Мектепте үзіліс кезінде үнемі ұлттық күйлердің орындалуына қолдау көрсететіп, осы мәселені алдағы уақытта қолға алу көзделуде», – деді ұйымдастырушылар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button