Жаңалық

«Рахмет саған, дәрігер!» байқауы басталды

Адам өмірін сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқан алтын қолды дәрігерлердің еңбегін бағалау, көпшілікке таныту мақсатында «Рахмет саған, дәрігер!» әлеуметтік жобасы қолға алынды.

Жобаны «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы, Қазақстан Журналистер Одағының Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырады.

Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, қала тұрғындары, журналистер мен блогерлер, медициналық мекемелер, баспасөз орталықтарының мамандары қатыса алады.

Байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласындағы медициналық мекемелердің жетістігін жариялау, журналист және блогер көзімен әлеуметтік жазбалар топтамалары арқылы үшінші мегаполистің денсаулық сақтау саласындағы 30 жылдағы жетістігін насихаттау, үздік аурухана, емхана, жедел жәрдем қызметі мекемелерінің үлгілі ісімен бөлісу, Шымкенттің медицина саласының оң иммиджін қалыптастыруды мақсат етеді.

Сондай-ақ, «Рахмет саған, дәрігер!» байқауында Шымкент қаласындағы ақ халатты абзал жандардың еңбегі туралы позитивті ақпарат таратуды көздейді.

Байқауға қатысу үшін байқау мақсатына сай келетін, әр түрлі тақырыптағы мәтіндік материалды (мақала, пост, телеочерк, фотосуреттер, бейнероликтер мен слайдттар, сэлфи және т.б) Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде жариялау қажет. Үміткерлер әлеуметтік желіде «Рахмет саған, дәрігер!» тобына жазылуы және байқауға ұсынылатын материалдар осы топта жариялануы қажет.

Байқауға 2021 жылдың 12 сәуірінен 20 маусымға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге. Қосымша ақпарат үшін: 8-778-222-22-97

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button