Мақала

Рақмет, саған Әліппем!

Астана қаласы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының 1 «К» сынып оқушылары әліппемен қоштасты, деп хабарлайды Ruh.kz.

Салтанатты шара оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу, оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету, баланың бойында өзін қоршаған ортасына, мектебіне, еліне деген құрмет сезімін дамыту мақсатында өтті.

Шара соңында мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Аппазова Ләйлә Сағиқызы:« Бұндай шаралар ана тілімізді дәріптеу, ұлттық құндылығымызды насихаттау, оқушыларға жастайынан көпшілік ортамен араласу, ұжымдық ортада өзін-өзі ұстауы жағынан көп көмегін тигізеді» деп қатысушыларға өз алғысын білдірді.

Сынып жетекшісі Дауа Омирзакова: «Бүгін 1-сынып оқушылары өздерінің сүйікті Әліппелерімен қоштасып отыр. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отыр. Оқушылар әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып, оқып үйренді. «Әліппемен қоштасу» кеші өте қызықты өтті. Бұл мектеп ұстаздары, ата–аналар, оқушылар үшін маңызды сәт болып есте қалмақшы» деді.

Рақмет, саған Әліппем!

Рақмет, саған Әліппем!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button