Жаңалық
Редакция таңдауы
Ресей қазақтарының көшбасшысы сайланды
Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының жаңа басшысы болып Есенғали Ибраев сайланды, деп хабарлады newsroom.kz
![](/storage/storage/element/2022/06/20/mainphoto/FgTZFR6TFpEOb0j7nvitX4L0G7IEjYLjoxfRgxT8.jpg?time=1721267599)
Ол Түмендегі кезектен тыс съезде бес жыл мерзімге сайланды.
Есенғали Ибраев Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік, достық қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын айтты.
«Біз түрлі өңірлердегі қазақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейдің ұлттық саясатының міндеттерін шешуде мемлекеттің сенімді серіктесі болуға ұмтыламыз. Сондай-ақ қазақ мәдениетін сақтауға, Ресей мен Қазақстан әріптестігінің дамуына жәрдемдесуге, екі ел бірлігін нығайтуға барымызды саламыз», – деді Е. Ибраев.
Сонымен қатар Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі ұлттық саясат бөлімінің меңгерушісі Татьяна Вагина Түмен облысында этномәдени секторды дамыту бойынша жаңа жобалар жүзеге асыратындығына сенім білдірді.