Жаңалық Редакция таңдауы

Республика күні қалай тойланады?

Қазақстанның ірі қалалары әкімдіктерінің ресми сайты Республика күніне орай өткізілетін мәдени және спорттық іс-шаралар тізімін жариялады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Астана

Биыл елордада Республика күнін мерекелеу аясында 200-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өткізу жоспарланған. Концерттер қаланың орталық алаңдарында ғана емес, қаланың бес ауданының тұрғын алаптарында да өткізіледі.

Алдағы іс-шаралардың қатарында мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер, халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттерін тарату және т.б. бар.

Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын үй алаптарының аумағында, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді.

Мәселен, бұл күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп қаланың бес ауданының тұрғын алаптарында мерекелік концерттер өткізілетін болады:

Сарыарқа ауданы – Көктал-2 тұрғын алабы (Қорғалжын алаңы), сағат 12.00;

Байқоңыр ауданы – Өндіріс тұрғын алабы, сағат 12:00;

Алматы ауданы – Интернациональный тұрғын алабы (Мекере көшесі, 2/1), сағат 12.00;

Есіл ауданы – Пригородный тұрғын алабы, сағат 12.00;

Нұра ауданы – Жағалау шағын ауданы (Сығанақ-Айтматов қиылысындағы саябақ) сағат 12:00-де.

Айта кетейік, Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда тұрғындары «Менің елім – менің туым!» челленджін бастады. Астананың бес ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-нан астам ту ілінді.

Алматы

Алматыда 25 қазанда сағат 10:30-да «Медеу» БТСК-да мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Әнұранын жаппай орындау салтанатты рәсімі өтеді. Іс-шараға қала жастары, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысады. Сонымен қатар сол күні сағат 11:00-де Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Ел өркенін өсірген азаттық» тақырыбында квиз және «Декларация –тәуелсіздікті бекітудің алғашқы қадамы» көрмесі өтеді.

Сағат 11:00-де Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Ел өркенін өсірген азаттық» тақырыбында квиз және «Декларация – тәуелсіздікті бекітудің алғашқы қадамы» көрмесі өтеді.

Сағат 14:00-де Көктөбе саябағында «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымының қатысуымен «Жасай бер мәңгі – Қазақстаным» атты мерекелік концерт өтеді. Осы күні Қазақ мемлекеттік циркінде сағат 16:00-де Республика күніне және атақты клоун әрі сиқыршы, цирк әртісі Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдығына орай бенефис ұйымдастырылады. Қонақтарға акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, эквилибристер, иллюзионистер мен сайқымазақтар қатысатын шоу-бағдарлама ұсынылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button