Жаңалық

Республикадағы үздік балабақша анықталды

Еліміздің балабақшалары арасында өткен республикалық онлайн байқауда Ақтаудағы №46 «Балбұлақ» балабақшасы жеңіске жетті деп хабарлайды Ruh.kz порталы қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жуырда еліміздің балабақшалары арасында онлайн форматта байқау өтті. Екі кезеңнен тұратын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мемлекеттік балабақшалар, шағын орталықтар мен жеке меншіктегі балабақшалар, барлығы жүзге жуық білім беру ұйымы қатысты. Екінші кезеңде мектепке дейін білім беретін 26 мекеме бақ таластырды. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес Ақтау қаласындағы №46 «Балбұлақ» балабақшасы І орынға лайық деп танылды.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button