Жаңалық

Республикалық Абайтану олимпиадасы қорытындыланды

Қашықтықтан өткен ІІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасына Павлодар облысынан 9 оқушы қатысты. 

Білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, оның ішінде Павлодар қаласының № 25, 37, 35 ЖОМ 3 оқушысы, жеңімпаздар мен жүлдегерлер, олимпиадалардың, түрлі деңгейдегі конкурстардың қатысушылары бар. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен және желілік Абай мектептерінен 9-11-сыныптың 100-ден астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың ұйымдастырушысы – Алматы қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаты.

«Олимпиада екі турдан өтті. Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазылып, романның мазмұнынан «Сократтық» сұрақтарға жауаптарды жалғастыру арқылы логикалық деңгей тексерілді. Қатысушылар Абайдың шығармашылығынан дайындалған тапсырмалар бойынша поэзияның адам өміріндегі рөліне, ақынның шығармашылығындағы мақсаттарына, Абай поэзияны қалай игергеніне, өз өлеңдерінің құрылуындағы ерекшеліктерді анықтап, олардың қазақ поэзиясына қосқан үлесін дәлелдеді», – дейді білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша облыстың 6 қатысушысы да жүлделі орындарға ие болып, диплом, естелік сыйлықтармен марапатталды.

№35 мектептің 9-сынып оқушысы Камила Ахметова III дәрежелі дипломмен, № 25 мектептің 11-сынып оқушысы Аружан Амантаева алғыс хатпен марапатталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button