Жаңалық Редакция таңдауы

Республикалық Абай оқуларында 56 оқушы жеңімпаз атанды

Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды:

I дәрежелі дипломмен — 13 қатысушы;
II дәрежелі дипломмен — 19 қатысушы;
III дәрежелі дипломмен — 24 қатысушы.

Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:

«Бас жүлде» — Шығыс Қазақстан облысы;
1 орын — Абай облысы;
2 орын — Қарағанды облысы;
3 орын — Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.

Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button