Республикалық балалар оқулары байқауының І кезеңі
Бүгін, 23 қыркүйек күні еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар 3 қаласында «Республикалық балалар оқулары байқауының» бірінші кезеңі өтті.
![](/storage/storage/element/2022/09/23/mainphoto/9BtTIogjkEhks7OXOEOc8WH3hcF23O0sdo3nhkzc.jpg?time=1700841938)
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар жылы» аясында Республикалық балалар оқулары байқауын өткізуде.
Жобаның басты мақсаты – жас буынның кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру.
Байқауда 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсуде. Оқушылар сыныбына қарай 4 топқа топтастырылып, әр топ берілген 2 кітап бойынша тапсырмалар орындады. І кезеңде үздік шыққан оқушылар қазан айында байқаудың екінші кезеңіне қатысады.
Байқаудың І кезеңі (аудандық/қалалық) 23 қыркүйекте өңірдегі аудан және қалаларда ұйымдастырылады.
Байқаудың ІІ кезеңі (облыстық) 14 қазанда кемінде 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалаларда өткізіледі.
Байқаудың IІІ кезеңі (республикалық) 2 қараша өткізіледі. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері анықталып, дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.