Республикалық балалар оқулары байқауының ІІ кезеңі өтті
Бүгін, 23 қыркүйек күні еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар 3 қалада «Республикалық балалар оқулары байқауының» облыстық кезеңі өтті.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар жылы» аясында Республикалық балалар оқулары байқауын өткізуде.
Жобаның басты мақсаты – жас буынның кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Байқауда 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсуде. Оқушылар сыныбына қарай 4 топқа топтастырылып, әр топ берілген 2 кітап бойынша тапсырмалар орындайды.
Байқаудың ІІ кезеңі (облыстық) 14 қазанда 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалаларда өтті. Байқаудың IІІ кезеңі (республикалық) 2 қараша өткізіледі. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері анықталып, дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.