Жаңалық

Республикалық жарыс жүлдегерлері анықталды

Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық оқыту орталығының обсерваториясында атақты қазақстандық астрофизик Түкен Биғалиұлы Омаров атындағы астрономия және ғарыш физикасы бойынша республикалық ғылыми жарыстар өтті. 

Облыстық білім беру басқармасының мәліметі бойынша, аталмыш жарыста Павлодар облысының құрамын М.Катаев атындағы оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Сарман Манабаев, Богдан Мельниченко, Кирилл Сибилев, Илья Браун таныстырды.

Бір апта ішінде жас астрономдар жарыстың барлық кезеңдеріне қатысып, турнирдің теориялық және практикалық есептерін шешіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен  көзге түсті.

«Богдан Мельниченко мен Сарман Манабаевтың жұмыстары практикалық дағдыларды қолдануға арналған, бақылау астрономиясының ерекшеліктерін айқын көрсетті. Балалар Меркурий планетасы туралы бақылауларын ортаға салды. Бұл планета аз зерттелген, оны байқаудың көптеген қиындықтары бар, Күнге жақындығы көптеген кедергілерді туғызады. Астрономдардың жобасы 2 орынға ие болды. 

Илья Браун және Кирилл Сибилевтің жұмыстары 3 орынға лайық деп танылды. Жоба спектрлерді зерттеумен байланысты. Исаак Ньютон, Густав Кирхгоф сияқты әйгілі ғалымдар бұл зертеулермен ерте кезден айналысқан болатын. Оқушылар спектрдің таңғажайып қасиеттері туралы, тіпті мектеп оқушылары оларды қалай зерттеп, талдай алатындығы туралы айтып берді, – деп хабарлайды басқарма мамандары.

Қазылар алқасының құрамында В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының,  М. Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің және Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің танымал ғалымдары кірді.

Айта кетерлігі, жас астрономдар наурыз айында «Бөбек» орталығының обсерваториясында өткен республикалық астропрактикумға қатысты. Ғылыми жарыстардың қазылар алқасының құрамына енген Владимир Терещенко, Нұрзада Бейсен және тағы басқа атақты ғалымдар дәріс оқыды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button