Жаңалық Редакция таңдауы

«ROBOLAND – 2023» VIII халықаралық фестивалі басталды

3-4 қарашада Қарағанды ​​облысында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың «RoboLand 2023» VIII халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Бұл – Қазақстандағы техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ірі робототехнологиялық жобаларының бірі.

Байқауда  қызықты және әсерлі 16 номинациядан тұрады. Биыл байқауға балалар мен жасөспірімдерден бөлек педагогтер де қатысып, RobolandKazakhstan аталымында өз өнерлерін көрсетеді.

Финалда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия сынды 5 елден барлығы 300-ден астам команда бақ сынасады. Ұлттық құраманың намысын барлық облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының қатысушылары қорғайды.

Айта кетейік, RoboLand ҚР Оқу-ағарту министрлігінің олимпиадалар мен жарыстар тізіміне енгізілген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button