Жаңалық

«Рухани жаңғыру» аясындағы апталық жаңалықтарға шолу

Біз дәстүрлі түрде апта көлемінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында жүзеге асқан шаралар мен маңызды оқиғаларға шолуымызды жалғастырамыз. Еліміздегі түрлі салалардағы тың серпіліс пен жастар және жасөспірімдер тарапына жасалы жатқан мол мүмкіндіктердің нәтижесі біздің назарда. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында іске асқан игіліктерді халыққа таныстыру, ақпараттық сүйемелдеу – біздік мақсат. Ендеше тарих қойнауына кете барған өткен аптада қандай өнегелі істер атқарылып, қорытындыланды? Әрі қарай оқыңыз.

Ақтөбелік оқушылар Қарағандыға саяхат жасады 

Жастар – болашақ иесі. «рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының міндеттемелері де толықтай жастар иығына түсері анық. Демек, өскелең ұрпақтың білімін, біліктілігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін түрлі жобаларды қолға алып атқаруымыз керек. Алда нақты мақсат бар. Қазір қоғамда осы мақсаттарға жету жолында қарқынды әрі қызу жұмыс жүріп жатыр.

Ақтөбе облысының басшылығы оқушыларды еліміздің тарихи жерлеріне саяхаттауға жіберіп, бұл бастамаға барынша көмек көрсетіп отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Қазақстанның қасиетті географиясы» бағыты аясында еліміздегі бірқатар орындарға көңіл бөлініп, насихаты артқанын өткен жазбаларымызда айтып келеміз.

Міне, енді батыс өңірдің жас буыны «Қазақстанның қасиетті географиясы» бағытында Қарағанды облысының көлемінде тіркелген аймақтарға экскурсия жасады. Олар экскурсия барысында өңір тарихымен тереңірек танысып, кен өндіру ісімен аты мәшһүр болған аймақтың тамашаларымен танысты.

Аталған экскурсияға білім алу жолында үздік атанып, спортта жетістіктерге жеткен және өнерлі оқушылар іріктеліп, республиканың түкпір-түкпірін шарлауға аттанған еді. Олар саяхат барысында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайына барып, құнды экспонаттармен танысып, көңіл көкжиектерін кеңейтті.

Аталған мұражайдың ерекшелігі сол – бұл ғимаратта тарихи құны өте жоғары экспонаттар жаңартылып, өзге мұражайлармен ауыстырылып тұрады. Оқушылардың саяхатына орай, Санкт-Петербург қаласынан әкелген мұз басу дәуірінің жәдігерлері халық назарына ұсынылған еді.

Кейіннен мектеп оқушылары тарихы терең Қарқаралы жеріне барып, киелі мекеннің тамаша табиғатымен танысып, өз ойларын, білімдерін, жиған-терген рухани азықтарын ортаға салып, бір-бірімен әңгіме-дүкен құрысты.

«Мұражайдағы экспонаттардың бәріміз үшін қолжетімді болғаны ұнады. Қамшы өрдік. Бомбаның қалдықтарын көрдім», – деп өз әсерімен бөлісті Ақтөбе қаласындағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы Нұрбек Мысиев.

Осы типтегі экскурсиялар мен тарихты насихаттауда мақсат ететін саяхаттардың жастар санасына өзгеріс әкеліп, ұлттық болмыстарына қозғау салары анық. Ал осы дүниелер адам руханиятында орындалып жатса, бұл – «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының міндеттемелерінің жүзеге асқанының белгісі.

Түркістан облысында «Қасқасу» суретшілер пленэрі өтті 

Өнер өшпек емес. Жақында ғана облыс статусын алған киелі Түркістанда ел мен жердің көркін қылқаламмен ақ қағаз бетіне түсіре білген өнер иелерінің туындылары «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында халық назарына ұсынылды. Табиғат  тарту еткен аймақтың тамашаларын бояумен әрлеген өнер иелерінің туындылары «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» бағытының аясында атқарылып жатқан жұмыстардың насихаты ретінде қарауға болады.

Сонымен қатар, бұл бастамалар киелі жерге деген туристердің назарын аударуға үлес қосары анық. Шара Түркістан облысы басшылығының қолдауымен Төлеби ауданының ұйымдастыруымен жүзеге асты. 22-27 шілде аралығында өткен халықаралық суретшілер пленэріне Түркия, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан елдерінен және Қазақстанның бірқатар қалаларынан арнайы кәсіби мамандар қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – суретшілік өнерінің бәсін арттырып, елімізге табиғат тарту еткен тамаша жерлерді дәріптеп, халыққа көрсету және өзге елдерден келген кәсіби өнерпаздарға еліміздің қаншалықты деңгейде дамып келе жатқанын көрсетіп, киелі орындардың насихатын арттыру еді.

Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және бірқатар өнер жұлдыздары, эстрада жұлдыздары қатысып, шараның көркін қыздырды.

Іс-шараның салтанатты жабылу рәсімінде сөз алған аймақ басшысы өз ойымен бөлісіп:

«Бұл шараға әлемнің әр түкпірінен келген атақты суретшілердің туындылары Түркістан облысының көркемсурет қорын толықтыруға өз септігін тигізері сөзсіз. Халықаралық деңгейдегі белгілі қылқалам шеберлерінің осы апталықтағы шығармашылық ізденісінен құнды өнер туындысы табылады деп сенем. Аталған шараны ұйымдастырудың негізгі басты мақсаты — Түркістан өңірінің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктерін және көзтартарлық орындарын бейнелейтін халықаралық деңгейдегі өнер шығармаларын жасап, оларды әлемдік деңгейде таныту, сол арқылы туризмді дамытуға үлес қосу», – деді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Қазақстанның қасиетті географиясы» бағытына енген Түркістан, Төлеби, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Шардара сияқты аймақтардағы киелі орындарды қылқаламның ұшымен ақ қағазда насихаттау арқылы ел назарын аударуды мақсат еткен жоба өз деңгейінде аяқталып, шетелдерден келген қонақтар табиғат тартуына бас шайқап кетті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button