«Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты ұлттық кодты сақтап қалу - Б. Тасылбекова
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Макинск қаласының мектеп-лицейінде «Туған жер» – менің тарихым, менің мәдениетім, менің туған өлкем» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция аудан әкімінің орынбасары Бақыт Тасылбекованың төрағалығымен өтіп, оған білім беру мекемелерінің басшылары, аудан педагогтары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық мекемелердің басшылары, жастар қатысқан.
Аталған іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басымды бағыттары қарастырылып, өлкетану пәнін дамыту сияқты жұмыстардың қарқын алғаны рухани жаңғырудың маңызды факторы болып табылатыны аталып өтілді.
Аудитория алдында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б. Тасылбекова биылғы жылдың ерекшелігін атап өтті. Себебі биыл Елбасының бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынып, жер-жерлерде бағдарламаның жобалары жүзеге асып келеді. Барлық жобалардың негізгі мақсаты – елімізге, жерімізге тән мәдениетті, ұлттық кодты сақтап қалу.
Конференцияның ұйымдастырушылары, аудандық мәдениет үйі ашық диалог алаңын құрып, қатысушыларға туған өлке жайында біраз пайдалы мағлұмат алуға жағдай жасады.