Жаңалық

«Рухани жаңғыру. Ертіс өңірінің қазынасы» облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан 2021 жылдың үздік, имидждік және нәтижелі жобалардың авторлары марапатталды.

Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасының прагматизм, бәсекелік қабілет, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы, білімнің салтанат құруы, ұлттық бірегейлікті сақтау сияқты негізгі қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған. Сараптамалық комиссия жобаларды іріктеу кезінде «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ұсынған үздік тәжірибелерді анықтау бойынша критерийлерге сүйенгенін атап өту қажет: жобаның қоғамдық маңыздылығын есепке алу, жаңа форматтарды, әдістерді пайдалану, жобаны жүргізу сапасы, ұсынылған жобалардың бағдарламаның нысаналы міндеттеріне сәйкестігі, инновациялық құралдар мен жаңа технологияларды пайдалану, жобаның ауқымдылығына назар аударылды.

Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Тлеулесов жеңімпаздарды марапаттап, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алты негізгі бағыты бойынша Павлодар облысында жүзеге асырылған келесі жобалар жеңімпаз атанды:

«Біз тұратын өлке» жобасының бастамашысы – Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана басшысының орынбасары Қуантаева Ләззат Серікқызы.

Қазақтың дәстүрлі әні мен музыкасын сақтауға және насихаттауға бағытталған «ÁN – AMANAT»  жобасы, бастамашысы – Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерттік-гастрольдік бөлімінің меңгерушісі Мұқанова Гүлсамиға Егешқызы.

Тіл жанашыры, өңірімізге танымал көптеген имидждік, атап айтсақ «QR – Қазақ тілі», «ANA TILI» мобильді қосымшасы, «Тіл Альянсы» жобаларының авторы, облыстық «Ана тілі» орталығының директоры Кинжикова Шолпан Духтурбайқызы. Шолпан Духтурбайқызының идеялары өңірлік деңгейде ғана емес, республикалық және халықаралық деңгейде насихатталуда.

Networking «Бір күн жүйесі@.kz», кеңес беру «порталы», «Жаса. Үйрен. Бөліс. Өзгер.» MEETUP жобаларының бастамашысы  – Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің маманы Петрович Оксана Владиславовна. Аталмыш жобалар бағдарламаның мақсатын ілгерілетуге және  ортақ мүдделері бар адамдардың кездесулерін ұйымдастыруға, идеялармен алмасуға мүмкіндік береді.

«Жас бағдарламашылар планетасы». Бұл жоба Ертіс аудандық білім бөлімімен жүзеге асырылуда. Ұйымдастырушылар жоба арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығы, логикалық ойлауы мен тілдік құзыреттілігі, шығармашылық қабілеттерін арттыруды жоспарлауда.

«Павлодар облысында іске асырылып қана қоймай, имидждік жобаларға айналған жоба бастамашылары марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын және сіздерге тың идеялар, жаңа жобаларыңыздың көп болуын тілеймін», -деді Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нурия Кубенова.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button