Жаңалық

«Рухани жаңғыру» жобалары үшін ақмолалықтар демеушілердің 5,8 млрд теңгесін жұмсайды

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланып, 2017 жылдың тұрғын үй құрылысының қорытындысы шығарылды.

2018-2022 жылдар аралығында «Рухани жаңғыру» жобалары үшін демеушілердің 5,8 млрд теңгесі жұмсалады, бұл туралы облыс әкімдігінің 2017 жылдың қорытындысына арналған кеңесінде белгілі болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында реестр жасақталды, олардың құрамына облыстық және аудандық деңгейдегі 178 жоба мен шағын жобалар кірді. Бүгінде олардың ішінде 76 шағын жоба жүзеге асырылып, 15 шара өткізілді», – деп хабарлады облыс әкімінің орныбасары Айна Мүсірәлімова.

Оның мәліметтері бойынша, 2017-2022 жылдарға арналған жалпы қаржыландыру сомасы 10,2 млрд теңгені құрап отыр, оның ішінде 5,8 млрд теңге – демеушілердің қаражаты, 3,1 млрд теңге – жергілікті бюджет қаражаты. Ағымдағы жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен шамамен 190 млн теңге және сырттан тартылған 3,5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Аудандарда тарихи-мәдени құндылықтарды сақтап қалу мақсатында «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын жүзеге асыру аясында бірқатар шаралар кешені жүзеге асырылды.

Бұдан басқа, әкімдіктің мәліметі бойынша, «Атамекен» шағын жобасы аясында меценаттардың қатысуымен 56 әлеуметтік бастамалардың реестрі жасақталды. Олар әлеуметтік нысандарды қайта қалпына келтіруге және құрылысын жүргізуге арналған, оның ішінде МЖӘ желісі бойынша 12 жоба бар.

Мысалы, Целиноград ауданындағы Преображенка ауылында 50 орынға есептелген бастауыш сынып мектебі салынып, Есіл ауданының Заречное ауылына су құбыры тартылды, ал, Целиноград ауданындағы Родина ауылында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті.

«Жеке сектордың салымының арқасында тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың 10 нысанына және автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді», – деп сендірді әкімнің орынбасары.

«Тәрбие және білім» шағын жобасын жүзеге асыру 42 индикаторға сәйкес жүргізілуде. Мәдениет саласы бойынша «Рухани қазына» шағын бағдарламасының 14 индикаторы бар. Аймақта музейлер мен ауылдық кітапханаларды кезең-кезеңімен жаңғырту бағдарламасы жасақталған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button