Жаңалық

Рухани жангыру программасының аясында аутизм мәселесі кокшетаулықтармен талқыланды

Көкшетау қаласында №1 Облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында Ирина Костицынаның жетекшілігімен, Білім және тәрбие кіші бағдарламасының аясында дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарынан құрылған «Жаңа әлем» бастамашыл тобы, бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні қарсаңында ойын-сауық іс-шарасын өткізді.

Аталған шараның бағдарламасында балалар туындыларының көрмесі, аниматорлармен қимыл-қозғалыс ойындары, «Әке, анам, мен …» байқауы, сабын көпіршіктері, сазды шоу және тағы басқалар болды.

Аутизм – өмірдің алғашқы үш жылында пайда болатын тұрақты дамудың бұзылуы және мидың жұмыс істеуіне әсер ететін неврологиялық бұзылулардың нәтижесі болып табылады. Аутизм негізінен гендерлік, нәсілдік немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан балаларға әсер ететіндігі анық.

№1 Облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының директоры Ольга Бурдинскаяның айтуынша, бүгінгі таңда мектепте 286 бала оқиды, оның отыздан астамына аутизм диагнозы қойылған. Мұндағы оқытушылардың дені дефектолог мамандар, сондықтан да олар балалармен жұмыс жасауда үнемі түрлі әдістерді қолдануға тырысады.

Тағы да айта кететін нәрсе, бастамашыл топтың қатысушылары аутизм дертіне шалдыққан балалардың отбасыларын қоғамдық орындарда кездестірген жағдайда, өз-өзін қалай ұстау керектігін халыққа хабардар ету үшін парақшалар мен ақпарат постерлерін басып шығарып таратты.

Іс-шараға Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Виктор Молодовский, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ибраев, білім басқармасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенттері қатысты.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздік» алаңында жастар ұйымдарының  өкілдері, атап айтқанда, «Думан» педагогикалық құрамы, еріктілер, «Дрим» біріккен тәрбиешілер одағы және облыстық «Юность» педагогикалық құрамының ұйымдастыруымен аспанға көк түсті шарларды ұшырды.

«Юность» педагогикалық құрамының төрайымы Маргарита Михаленко: «Аспанға көк түсті шар ұшыруым аутизм ауруымен көбінесе ер балалардың ауыруымен байланысты», – дейді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button