Жаңалық

Рухани жаңғыру: «Туған жер» бағдарламасының алар орны үлкен

Атам қазақтың «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп бекерге айтпаған. Оны өз алдына ұлт бола тұра, бірақ егемендігін алмаған, өзгеге бодан болып отырған елдерді көргенде түсінесің, түйсінесің.

Мың тәуба, бүгінде біз – Тәуелсіз елміз, Мәңгілікке ұмтылған жасампаз ұлтпыз. Өзге елден артық болмасақ, кемшін тартқан жеріміз жоқ. Ендігі кезекте сол Мұқағалидің «Үш бақытының» және М.Шахановтың «Төрт анасының» бірі болған – Тауған жерімізді көз қаршығымыздай қорғап өту, оның әрбір тасын, сай-саласын, шөбін кие тұтып, аялай білуіміз керек. Ол – әрбір қазақстандық азаматтың бұлжымас борышы, қасиетті парызы. Сондықтан осы бір ерекше шексіз отансүйгіштік сезімді бойымызға етене сіңіріп, қанымызға дарыту үшін Елбасының бір жыл алдын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасы ұсынылды.

Өз кезегінде ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бағдарламалық мақаласының негізгі үш ерекшелік мәнін айтуға болады:

«Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».

Иә, бірінші мәселе бойынша көптеген облыстыстар мен қалаларда, аудандар мен ауылды жерлерде тазарту жұмыстары мен қоршаған ортаны таза ұстау акциялары жалғасын тапқаны мәлім. Сондай-ақ, тарихы тағылымы мол мәдени ескерткіштер мен киелі орындар ерекше қамқорлыққа алынды. Мәселен, еліміздегі ең таза қалалардың көшін Орал сынды қалалар бастап тұрса, әсем қала Алматы бұрыннан «Біз таза қала үшін» ұранын ту етіп келеді. Осыған қарап, бұл бағдарламаның тек қана айтылып қана қоймай, өз деңгейінде жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Сонымен қатар, «Ақмола облысы білім беру мекемелердің мұражайларды дамыту бағдарлама» жобасы аясында Бурабай ауданының «Звездный» балалар сауықтыру орталығында 2018 жылдың 1-2 наурызында Teach-in форматындағы «Балаларға арналған өлкетану: идеялар мен тәжірибе» республикалық семинары өтті. Бұл семинерға қатысушылары еліміздің інжуі саналған – Бурабайдың көрікті жерлері: Бурабай ауданының визит-орталығы, табиғат саябағы, тарихи оқиғаларға байланысты аңыздар, Қазақстанның қасиетті картасына енген нысандарды (Кенесары хан үңгірі, Абылай ханның тағы, Оқжетпес тауы) аралады.

«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек».

Айтқандай-ақ, шет елдерде тарыдай шашылып жүрген қандас бауырларымыздың атамекенге қарай көш түзеуіне, ел-жұтымен қауышуына толық мүмкіндіктер жасалды. Осы іспен білек сыбына айналысатын көші-қон жұмыстары да оң нәтижелерін беріп, елге оралып жатқан қандастарымыздың саны жыл сайын артып келеді. Осыған қатысты атқарылар істің бір парасы – шет елдерде қазақ намысын қорғап жүрген қандас бауырларымызды елге оралтып, жұрт үшін тер төктіру болса құба-құп.

Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек».

Осы айтылғандай, әрбір жергілікті билік өз қарамағындағыларға «Туған жер» бағдарламасының өзектілігі мен маңызына ерекше назар аударды. Олар «Туған жер» бағдарламасын жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналдыра білді. Соның нәтижесінде «елім-жерім» дейтін азаматтар азаматтар төбе көрсетіп, сауапты да қайырлы істердің басынан табылды. Оларға ерекше құрмет білдіруден басқа айтарымыз жоқ.

Ел басына күн туғанда батырлар ақ найзасы мен ақын-жыраулар от ауызды, орақ тілімен, жасындай жарқылдаған жырымен қорған болып, осынау ұлан-ғайыр байтақ даланы сақтап қалған. Оны біздерге аманаттап кеткен. Ендігі ұрпақ алдындағы міндет – сол аманатқа қылдай қиянат жасамау, азаматық борышты абыроймен атқару. Сондықтан да «Туға жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болып, кеңінен насихатталуы жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үшін таптырмас құрал болмақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button