Жаңалық

«Рухани қазына» фестивалінде үздік деп танылғандар кімдер?

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Рухани қазына» фестивалі өтті.

Биыл байқауға қатысуға 119 кітапхана, 90 мәдени ойын-сауық ошағы мен 50 музей өтінім берген. Соның ішінде Қарағанды облысынан 25 номинацияға құжаттар тапсырылды.

Байқауға ұсынылған 50 жүлделі орынның 7-ін қарағандылықтар ұтып, арқа мәдениетінің майталмандары республика бойынша алдыңғы орынға шықты.

«Алтын Орданың 750 жылдығына орай» номинациясы бойынша (мұражай ұйымдары арасында) Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жеңімпаз болып танылды.

«Үздік инклюзивті онлайн жобалар» бойынша Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы, облыстық бейнелеу өнері мұражайы марапатталды.

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы «Балаларға арналған үздік музейлік онлайн жоба» номинациясын жеңіп алды.

Тифлопедагог Владимир Высочинский Зағип және нашар көретін азаматтар үшін «Кітапхананың үздік қызметкері» деп танылды.

«Жыл серпіні» арнайы номинациясын Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының экскурсия жетекшісі Қуаныш Тыныбек иеленді.

Ауылдық Мәдениет үйлерінің қызметкерлері арасында Бұқар Жырау ауданы Шешенқара ауылының тұрғыны Жанна Бурашова жеңіске жетті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button