«Рухани құндылықтар – тарих тағылымы» атты тарихи онкүндігі бастады
Осы жылдың 5 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Гуманитарлық факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – тарих тағылымы» атты тарихи онкүндігі басталады.
Яғни Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде «Кітап –рухани жаңғырудың жарқын жолы», «Ұлттық бірегейлікті ұлықтайық» атты көрме мен «Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ұлтымыздың айрықша тұлғасы Мұстафа Шоқайдың тарихи орнын және ел дамуына қосқан үлесін байыптау, Түркістан автономиясы мен Алаш Орданың ұлт тарихындағы, тәуелсіздік бастауындағы миссиясын қайраткер, қаламгер М.Шоқай мұрасы арқылы зерделеу бүгінгі ұрпақ еншісінде.
Ал қонақтар үшін арнайы ұйымдастырылған көрмеге университетіміздің 1 курс студенттерінің өз қолдарынан жасалған қолөнер бұйымдарын және көне жәдігерлер, әшекей бұйымдар қойылды. Ұлттық нақышта жасалған, ерекше көзге түскен агрономиялық және жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті студенттерінің жұмыстары жоғары болды. Келушілердің ерекше назарына ие болған «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының 1 курс студенті Жәнібекқызы Жанботаның киізден өрнектелген картинасы және «Сәулет» мамандығының студенті Мұхамеджанова Жібектің Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бейнеленген картинасы жоғары бағаланып, арнайы сыйлыққа ие болды.