Жаңалық Редакция таңдауы

Рухтас сана – жан

Төртінші индустриялық революция кезінде контекстуалды және эмоциялық интеллектіден басқа, табысқа жол ашатын үшінші бір маңызды қасиет бар. Оны мен рухтас сана деп атаймын. Рухтас сана (ағылш.: inspire; лат.: Spirare, яғни рухтандыру) – әр нәрсенің мағынасы мен қажеттілігін ашуға бағытталған. Ол өмірді танып-білу тұрғысында – адамзатты жаңа ұжымдық әрі өнегелі ой-санаға жетелейтін сарқылмас шығармашылықты арқау етеді.

Бұл жердегі басты идея – «ортақ пайдалану». Бұған дейін айтқанымдай, томаға-тұйықтыққа тірейтін қоғамға аяқ басуымыздың басты себебі технологияда жатыр десек, онда ортақ мақсат жолындағы игіліктер мен мүмкіндіктерді бір арнаға тоғыстыра отырып, барлық күш-жігерді қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына қарай бұруымыз керек.

Бұған қол жеткізу үшін, ең алдымен, бір-бірімізге деген сенім өте қажет. Командалық жұмыс пен қызығушылықты арттыруда жоғары сенімділіктің маңызы зор. Ынтымақтастықтың арқасында жүрегіміздің түкпірінен орын алған инновацияның әсері – төртінші индустриялық революция кезеңінде анық байқалатын болады. Бұл жағдайлар әртүрлі әрі көп қырлы проблемалардан тұратындықтан, тек берік сенімділік орнаған ортада ғана жүзеге асады. Айналып келгенде, мүдделі жақтардың әрқайсысына инновацияны ортақ игіліктерге қарай бұру міндеті жүктеледі. Егер өзіндік салмағы бар мүдделі жақтардың бірі бұған күмәнмен қараса, сенімге селкеу түседі.

Әлемде тұрақты ештеңе қалмаған кезде сенім ғана ең маңызды құндылық болып қала береді. Шешім қабылдаушылар өз қара басының қамын ғана ойламай, өзін де сол қауымдастықтың табиғи бөлшегі екенін түсініп, бәріне ортақ мүдде тұрғысынан қарағанда ғана үлкен сенім үдесінен шығуға мүмкіндік туады.

 

Дереккөз: «Төртінші индустриялық революция»

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button