Жаңалық

Рушылдық, жершілдік дертінің тамыры қайда?

Көшпенді кезде жерге бөліну, жершілдік деген болған жоқ. Неге?

Енді өзіңіз ойлап көріңіз: «Торғайлықпын», – деп қалай айтасың, қыста Сырдария жақта жүресің. Ал көктем-күзде, ар жаққа яки бер жаққа өту үшін Арқаны кесуің керек. Көшіп жүріп, басқа рулар жайлап отырған өлкелермен өтесің, араласасың. Ол ру-тайпалардың сенен артық тұстарын, кемшіліктерін көресің. Өзің де сондай көп рудың бірі ғана екеніңді ұғасың. Осы ел көріп, көшіп жүрудің арқасында ғой: «менің руым ғана мынадай» деген бос мақтан пайда болмап еді.

Сенің руың мықты болса, пәлен ру да мықты. Оны өзің де көргенсің. Былайша айтқанда, көшпенді өмір бөлінуді, трайбализмді жөргегінде тұншықтырып отырып еді. Ал қазір ше?

Қазір отырықшымыз. Осы отырықшылық өмір бұрынғы рушылдығымызға енді жершілдік дейтін кесірді қосты. Қазір елімізде бір аймақтар бар, тек бір ғана ру «компактно» жайлап отырған. Ең сорақысы – олардың басқа руларды көрмегеніне, араласпағанына 50 жыл болып қалды. Әлбетте, енді «өздері ғана» отырған, өзінен басқа ешкімді көрмеген ру «өздерін ғажап санайды». Енді салыстыратын басқа нұсқа жоқ. Бұл, әлбетте, трайбализмге, бөлінуге әкеп соғады. Не істеу керек?

Енді бұрынғыдай көшіп-қонатын өмір жоқ. Қандай да бір рудың бір жерде отырып қалуын ақырын-ақырын жою керек. Жастарын басқа өңірлерге жұмысқа тартып, басқа облыстардан өзге рулардың өкілдерін кіргізу керек. Сіз не дейсіз?!

 Нұрбек Бекбау

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button