Жаңалық Редакция таңдауы

Сабындыкөл жағалауы абаттандырылады

Павлодар облысының Баянауыл ауданында туризмді дамыту жобалары пысықталды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхан Баянауылдағы жұмыс сапары барысында аудан әкімі Ардақ Ксентаевпен биыл және келесі жылы іске асырылатын бірқатар ірі жобалардың орналасатын орындарын қараған.

Солардың бірі, Баянауыл тұрғындары, әсіресе, жастар үшін өте маңызды – дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Ол аудан орталығына кіре беріс жерде орналасады. Оған көршілес жерде келетін қонақтарға арналған визит-орталық пайда болады. Мұнда өлкенің тарихымен, ең қызықты туристік бағыттармен танысып, оларды аралау бойынша қызметтерді ала алатын болады.

«Жергілікті биліктің назарынан тыс қалған Сабындыкөл көлінің жағалауын абаттандыра бастауды жоспарлап отырмыз. Аудан әкімімен болашақ шолу алаңының орнын қарап, жағажайды жақсарту перспективаларын зерттеп, тиісті аумақта тәртіп орнату бойынша жұмыстардың ауқымын бағаладық», – деп жазды облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Аудан басшысының айтуынша, келесі жылы Баянауылдың өзінде орналасқан Даңқ мемориалын жөндеу және ғашықтар саябағын қайта құру бойынша жұмыс жүргізу жоспарда бар. Мұнда жарық шамдарын орнатуға, ағаш отырғызуға және гүлзарлар салуға ниетті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button