Жаңалық
Редакция таңдауы
Садақ атудан қазақстандық спортшылар Грузиядағы турнирден жүлделі оралды
22-28 желтоқсан аралығында Грузияның Батуми қаласында садақ атудан халықаралық сын аяқталды, деп хабарлайды Ruh.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: olympic.kz
Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандықтар Самира Жұмағұлова, Аяжан Яхина және Әлихан Тұяқ бірінші орын иеленді.
Жекелей сында Райымбек Майқыбаев топ жарса, қыздар арасында Самира Жұмағұлова күмісті қанағат тұтты.
Кадеттер арасында Әлихан Тұяқ алтын, Аяжан Яхина күміс медаль иеленді.
Командалық жарыста Райымбек Майқыбаев пен Әбдумәлік Ғаниев жеңіске жетсе, аралас командалық сында Әлихан Тұяқ пен Аяжан Яхина жұбы жеңіске жетті.