Сәкен Сейфуллин туралы 10 дерек
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан1894Ақмола уезі, Ақмола облысы) – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушылардың бірі, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері.
Сәкен Сейфуллин – қазақтан шыққан алғашқы прeмьер-министр болды.
Сәкеннің азан шақырып қойған есімі – СӘДУАҚАС.
25 жасында тұтқындалып, атаманның «азап вагонында» 47 күн азап шегіп, Омбыдағы Колчак түрмесінен қашып шыққан.
Түрмеден қашып шыққан соң мемлекет ісіне қайта араласа бастаған ақын, 1922-1925 жылдар аралағында Қазақстан халық комиссарлары кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.
Ақын өзінің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағын 20 жасар шағында жалпақ жұртқа жариялады.
Сәкен Сейфуллин Анненковтың түрмесінен қар таситын шана арқылы қашып құтылады. Ол туралы автор өзінің «Тар жол тайғақ кешу» атты романында баяндайды. «Түрменің ауыр қақпалары сықырлай ашылып, шана еркіндікке шықты», – дейді ол.
Түрмеден қашып шыққан ақын туған жеріне жету үшін 900-дей шақырымды жаяу жүріп өтеді. Алайда белгілі бір себептермен туған топырағында да ұзақ аялдай алмайды.
Большевиктер қолдауымен билік басына қайта келген арыс өз алдына бірқатар мәселелерді қояды. Соның бірі қазақтың «қырғыз» емес, «қазақ» деп қайта аталып, тарихи атаудың қайта жандануы еді.
КСРО Жазушылар Одағының съезінде Сәкен Сейфуллин қазақ халқының дәстүрлерін білмейтін орыс жазушыларын сынайды. Әсіресе, сыншылар Всеволод Иванов пен Виктор Шкловскийге қатысты: «Всеволод Иванов Азия халықтарының өмірін көп жазады. Бірақ оның тонында, әсіресе оның ерте туындыларының тонында шағын халықтарға үстемдік қарым-қатынас байқалады. Ол кейде аз ұлттар кейіпкерлерін ақымақ, ал кейде санасыз қылып суреттейді. Географияны да, Қазақстанның қайда екенін және қазақтардың кім екенін де білмейді», – дейді.⠀
Халық ағарту комиссараты жанындағы ғылым орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы, Өлкелік комитеттің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институттың директоры, Қазақстан коммунистік журналистика институтының профессоры 1939 жылы 28 ақпанда ату жазасына кесілді.