Жаңалық Редакция таңдауы

Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл

Фото: adebiportal.kz

Бүгін – Қазақстан халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл, деп хабарлайды Ruh.kz.

Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов 1934 жылы 1 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысына қарасты, қазіргі Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында дүниеге келген.

Жазушы еңбек жолын «Пионер», қазіргі «Ақ желкен» журналында әдеби қызметші болып бастап, балалар әдебиетін толықтыра түсті. Оның «Сонарда», «Әжем мен емші және дәрігер», «Kімнің мекені жақсы?» атты еңбектері әлі де кішкентай оқырмандарын тауып келеді.

«Ажар мен ажал», «Жаралы гүлдер», «Қызым саған айтам» пьесаларының авторы «Заманай мен Аманай» повестімен, «Жапандағы жалғыз үй» романымен, «Ақан сері» дилогиясымен танымал.

Автордың атағын аспандатқан, әдебиеттегі қолтаңбасына айналған туындылары да осылар еді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button