Жаңалық

«Салауатты ұрпақ» кіші жобасы аясында «Сыр Барысы» анықталды

Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.

Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. Бірінші кезеңі әр ауылды аймақтарда наурыз айында өткізіліп, оған 6839 спортшы қатысты. Екінші кезеңі аудандық, қалалық жарыстар сәуірде ұйымдастырылып, оған 1511 спортшы бақ сынасса, үшінші кезеңі – облыстық ақтық сайысқа 250 балуан төл өнерімізді дамытуға атсалысты. Үш кезең бойынша барлығына 8600 спортшы сынға түсті. Түйе палуан сайысына 15 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 170 мың теңгенің сертификаты табысталды.

«Сыр Арланы» – қызылордалық Мақсат Исақабыловқа 630 мыңтеңгенің сертификаты беріліп, «Сыр Сұңқары» – қызылордалық Жасұлан Досымовқа 360 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында «Салауатты ұрпақ» кіші жобасы бойынша жарыста ептілігімен көзге түскен бірқатар балуандар аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының дипломдарымен марапатталды.

Үстіміздегі жылдың шілде айында Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сәлімгереев пен М.Исағабылов облыс намысын қорғайтын болады.

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша халық азаматтарының барлығы прагматистік көзқараста болуы міндеттелген. Батылдың балтыры дірілдемейтінін білген данышпан тұлға өзі бас болып, жыл сайын елдегі спорт саласына үлкен назар аударып келеді. «Рухани жаңғырудың» негізгі қағидаттары бойынша республикадағы барлық облыстар әр түрлі сала төңірегінде бәсекеге түскен іспетті. Бұл – жылдам дамудың алғашқы алғышарттары.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button