Сәлемің түзу болсын!
Бүгін әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Сәлемің түзу болсын» атты танымдық кеш өткізді. Іс-шара сәлемдесу әдебінен басталды.
Келін салтымен сәлем салып, үлкендерден бата алса, кіші үлкеннің қолын алып, аман-саулық сұрасып, отырғандар сәлемдескенде орнынан тұрып, ізет білдірді.
Этнотанымдық шара «Қайырымды қала – Шымкент» концепциясына сәйкес жаңа қалалық ізгілікті мәдениет қалыптастыруға арналған «Қайырымды қала мәдениеті» жобасы аясында халқымыздың сәлем беру дәстүрі үлгісін насихаттауға бағытталған. Мақсат – «Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен таны» дегендей, халқымыздың сәлем беру дәстүрі үлгісін көпшілік арасында насихаттау болды.
Іс-шара қонақтары жасы кішінің – үлкенге, жекенің – жалпыға, аттылының –жаяуға, басшылардың – бұқараға бұрын сәлем беруі – міндет деп шариғат талабына сай сәлемдесуді еске салды.
«Әрқашанда бір-бірімізге деген сәлеміміз түзу болғай!», – деп орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Тағаев Жәнібек Абданбекұлы келген қонақтарға, көрермендерге ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі