Жаңалық

Сананың апгрейді. «Рухани жаңғырудың» қорытындылары мен жоспарлары


Бүгін «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанына үш жыл толды. Қазақстандық қоғамдық даму институты қорытынды жасап, таяудағы болашаққа арналған бағдарламаны жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың айтуынша, бүгінде институт тек алдын ала қорытынды жасай алады, себебі «қоғамдық сананы өзгертудің сапалық көрсеткіштері туралы тек 5-10 жылдан кейін айтуға болады».

Ол сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласынан қоғамды өзгеруге, тұлғаны тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылдануға, жастардың бәсекеге қабілеттілігі, сананың ашықтығы, білімге табынуы, прагматизм сияқты қасиеттерді бойына сіңіруге, ресурстарды адами капиталға салу бүгінгі күні өзекті болып отырғандығын атап өтті.

«Өткен үш жыл ішінде аталмыш бағдарламаның институционалдық базасын құруға үлкен көңіл бөлінді. Осы уақыт ішінде елде 93 мың іс-шара өткізілді, оған 12 миллионнан астам отандасымыз қатысты. 13 арнайы жоба жүзеге асырылуда», – деді Ойшыбаев.

Олардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» – білім беруді дамытуға бағытталған. Гуманитарлық бағыттағы 77 оқулық қазақ тіліне аударылды, оның 47-і баспадан шығарылды және еліміздің ЖОО-на жіберілді. Оларды 100kitap.kz сайтында табуға болады. Сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде 156-ге жуық бейнекурстар мен бейнелекциялар әзірленді, олар OpenU порталында орналастырылған.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында 5-7 сыныптардың мектеп бағдарламасына «Өлкетану» оқу курсы енгізілді. 2,6 мыңнан астам нысан салынды және 2 142 әлеуметтік маңызы бар нысан қайта жаңартылды, олардың ішінде: мектептер, балабақшалар, мәдениет объектілері, спорт алаңдары, медициналық мекемелер, балалар алаңдары. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін 12 мыңнан астам меценат тартылды.

Ойшыбаев сондай-ақ «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасы аясында негізгі жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

«Тарихи-мәдени мұраны жүйелеу нәтижесінде Қазақстанның киелі жерлерінің тізімі жасалды. Оған жалпыұлттық маңызы бар 205 нысанның 100 кешені мен өңірлік маңызы бар 575 нысанның 100 кешені енді», – деп түсіндірді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 48 тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Отырар қалашығын қалпына келтіру жұмыстары басталды, «Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы»3 визит-орталығы ашылды, Қазақстанның 27 сәулет ескерткіші 3D форматында цифрландырылды. Орбұлақ шайқасының тарихи қайта құрылуы, «Spirit of Astana» Халықаралық этно-фольклорлық фестивалі, Қарағанды облысында «Zhetysu 360», «Қымыз фест» виртуалды 3D-турлар және т.б. жүргізілді.

Бағдарламаның ең танымал жобаларының бірі – «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» – жастардың өмір хикаялары арқылы еліміздің табыстары мен жетістіктерін бейнелейді. Жобаға алты мыңнан астам адам қатысты. Үш жылда барлығы 163 жеңімпаз анықталды, оның ішінде 2017 жылы – 102 адам, 2018 жылы – 29 және 2019 жылы – 32 адам.

Бағдарлама аясында 2018 жылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Қазіргі қазақ бейнелеу өнерінің антологиясы» каталогы шығарылды. Қазақстан әдебиетінің «проза» және «поэзия» жанрлары бойынша шығармалары БҰҰ-ның алты тіліне аударылды.

Қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған «Өзгерістердің саруарлары» әлеуметтік жобаларының акселераторы іске қосылды. Біз 6 бағыт бойынша іске асырылатын жобаларды дамытуға қолдау және жәрдем көрсететін топты қалыптастырдық: инклюзивті қоғамды дамыту, бейресми білім беру шеңберінде өзекті құзіреттерді дамыту, ауыл шаруашылығы, өлкетану, білім туризмін дамыту, мәдениет, өнер және халық шығармашылығы саласындағы жобаларды біріктіретін art-алаңдарды дамыту, халықтың экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ жүйелі жобалық ойлауды дамыту, көшбасшылық әлеуетті нығайту. Акселераторға енген жобалар масштабтау, ақпараттық қолдау, қаржыландыру көздерін іздестіруде, бизнес-жоспарды әзірлеуде, жаңа серіктестер мен зәкірлі ұйымдарды іздестіруде жәрдемдесу мүмкіндігіне ие болады.

2020 жылдың наурыз айында пандемия халықаралық шекараларды «жапқанға» дейін «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» жобасы аясында Нью-Делиде «Ұлы Дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет» көрмесі өтті. «Шеру» әлемнің 26 еліне жоспарланған.

2020 жылдың басында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша комиссия отырысы барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 122 тармақты қамтитын жаңа жоспарды ұсынды.

Бағдарламаның бағыттары үш негізгі блокқа жүйелендірілген:

1. Тұлғаның дамуы – «прагматизм», «білімге табыну», «сананың ашықтығы» және «бәсекеге қабілеттілік»;

2. Ұлттың дамуы және халықаралық позициялау – «ұлттық бірегейлікті сақтау» және Ұлы даланың жеті қыры: салтаттылық мәдениеті; Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы; аң стилі; Алтын адам; түркі әлемінің бесігі; Ұлы Жібек жолы; Қазақстан – алма мен қызғалдақтар отаны;

3. Мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтың дамуы – «революциялық емес, эволюциялық даму».

«Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде ұлттық бірегейлікті нығайтуға көп көңіл бөлінді, ал ашық сана, эволюциялық даму, прагматизм қағидалары әзірге қамтылмаған. Сондықтан біз қазір осы бағыттарда жұмыс істеп жатырмыз, арнайы жобалар әзірлеудеміз. Мен айтып өткендей, қоғамдық сананың апгрейд процесі жылдам емес, бірақ қазір болып жатқан дүниелер қоғамның қабылдауын тездетеді, сана-сезімді жаңғырту қажет және барлығы біздің қолымызда», – деп түйіндеді Кемелбек Ойшыбаев.

ҚҚДИ – қазақстандық қоғамдық даму институты. «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асырудың барлық қатысушыларының тиімді қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін құрылды. Бағдарламаның арнайы жобасына кіретін «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Латын әліпбиіне көшу», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» бағдарламалары бар.

Медиа-байланыс және PR басқармасы

Байланыс телефоны: +7-707-702-77-15 Виктория

Email: pr@kipd.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button