Жаңалық Редакция таңдауы

Сараптамалық-талдау жұмыс тобы құрылды

«Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру бойынша сараптамалық-талдау жұмыс тобы құрылды

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ КеАҚ жанынан Жаңа Қазақстанды құру жағдайында қоғамдық шарттың және қоғамдық-саяси өзгерістердің тиімді форматын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін сараптамалық-талдау жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы қоғамдық қатынастарды жаңғыртуға бағытталған ұсыныстарды диалог алаңдарында талқылайды. Сараптамалық-талдау тобы жұмысының нәтижесінде нақты ұсынымдардан тұратын талдамалық анықтама әзірленіп, Үкіметтің қарауына жіберіледі.

Жұмыс тобына азаматтық қоғам институттарының өкілдері, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, қоғам белсенділер, ғылыми-шығармашылық интеллигенция және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Олардың ішінде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ төрағасы Дәулеткерей Рахметуллин, Қазақстандық халықаралық шарттарды қоғамдық бақылау орталығының директоры Галина Моисеенко, «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеушілер бөлімінің басшысы Индира Рыстина, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов және басқалар бар.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарды Жаңа Қазақстанды құруға, әлеуметтік-экономикалық және саяси модернизацияны жаңғыртуға бағытталған реформалар қалыптастыруға атсалысуға шақырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button