Солтүстік Қазақстан облысы

САРЫ МЕН СҮЙІР БАТЫРЛАР КЕСЕНЕСІ

Орналасқан жері: СҚО, Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің аумағында. Докучаев а. 4-5 шақырымдай жерде.

Сары батырды ХVІІ ғасырдың 90-шы жылдарының басында туған деп жүр. Ол немере інісі Батыр Баяннан екі мүшелдей үлкен болса керек. Батыр Баянның туған жылы – 1714 жыл. Сары батыр Павлодар облысының Жезді елді-мекенінде дүниеге келген. Бұл кезде уақ руының қонысы сол жер болған.

Сары батыр 1690 жылы туып, 1771 жылы өмірден озған. Сары мен Сүйір батырлар жерленген қос оба алыстан көрінеді.

Аңыз: Уақтың ағайындас Сары және Баян батырларымен қатар атала бастаған Сүйір батыр. Шежіреші қарттардан бүгінгі күнге жетіп отырған азын-аулақ әңгімелердің өзі-ақ Сүйірдің батырлық, ел-жұрт ардақтаған тұлғасын таныта алады. Уақ руының Бидалы атасынан тарайтын Жаубасар деп жауға шапқан Сүйір батыр 19 ғасырда өмір сүрген. Он екі атасына дейін батыр болған ол да небір қанды ұрыстарда жолбарыстай жалғыз ойнап, жауларын қойша қырған. Содан да оны халық Сүйір батыр деп атап кеткен. Өте қарулы, қайратты адам болыпты. Түсі ызғарлы, көп сөйлемейтін, қалың қасы қабағын жауып тұратын көрінеді. Оны қанжарының ұшымен көтеріп тастайды екен. Тек қана, ашуланғанда қабағы желп етіп, айбарланған жүзіне кісі көз тоқтата алмайды.

Қазақтың атақты батыры Сары Шоғаның бір ұлы Бәйімбеттен туған екі баланың бірі Қозымеректен тарайды. Баян батыр Қасаболаттан туады. Ол — Сарының немере інісі. Сары ержүрек батыр, бір сөзді өжет ұзын бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей зор денелі адам болыпты. Жас кезінде атақты балуан болды деп те көнекөз қариялар айтып отыратын еді. Қару-жарағы да өзіне сай болса керек. Батырлардың бәріне ортақ бір сипаты — олар бір айтпайды, айтса, одан қайтпайды. Сары батырдың жау көргенде екі көзі қанталап, жоңғар әскерінің қалың тобына кіріп кететінін өзі де білмей қалатын әдеті болса керек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button