Жаңалық Редакция таңдауы

Сәтпаев каналына 200 мың тұқы шабақтары жіберілді

ҚР ЭТРМ мәлімдеуінше, 12-13 қыркүйекте «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС бәсекелестік ортада балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қаныш Сәтпаев атындағы каналға 200 мың дана біржазғы тұқы балығының шабақтарын жіберді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Жалпы, ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін Кіші Арал теңізін, Сырдария мен Есіл өзендерін, Балқаш және Зайсан көлдерін, сондай-ақ Қапшағай, Бұқтырма және Шардара су қоймаларын 20 млн.дана көлемде құнды балық түрлерінің шабақтарымен балықтандыру көзделген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button