Жаңалық

Сәтсіздік мәңгі емес!

Сәтсіздік – адам ішіндегі үлкен қорқыныштан туындайтын алып кедергі. Кейде сәтсіздіктер адамның барлық дүниеден бас кешуіне себепші болуы мүмкін. Жан-дүниесі тым осал жандар сәтсіздіктің салдарынан іштей күйзелістерге тап болып, шыға алмай қалады.

Сіздің де өміріңізде сәтсіздіктер болғанына сенімдіміз. Себебі, бұл – өмір сүру барысында міндетті түрде орын алатын жағдай. Сәтсіздіктерсіз біз шынайы жеңістің жемісіне қалай қаныға алатын едік?! Өз ерік-жігеріміз бен қайратымызды қалай бағалар едік?!

Өміріңізде орын алған әр сәтсіздікті пышақты қайралуы секілді қабыл алыңыз. Пышақты қайра берсеңіз, жүзі өткір болатыны секілді, әр сәтсіздіктен кейін сіздің ішкі қайратыңыз қатая береді. Сіз келешектегі әр тосынсыйға дайын боласыз. Сәтсіздік сізді аяғыңыздан шалғысы келгенде, сіз қайсарлықпен төтеп бере аласыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button