Сатыбалды Нарымбетов: «Рухани жаңғыру» дегеніміз не? Ол ұмытылған дүниені еске түсіру деген сөз
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын әлі жете түсіне алмай жатқандар жоқ емес. Не мақсатын, не негізгі идеясын ұғына алмай келеді олар. Елбасы мақаласын егжей-тегжей оқыған адам ғана оның негізгі түп тамырына жете алатыны сөзсіз.
Қоғам өміріндегі барлық дерлік саланы қамтитын ауқымды бағдарлама аясында бір ғана мәдениет саласын алып қарасақ та, былтыр 500-ден астам жоба жүзеге асырылған. Оның әрқайсысы тың дүние. Тарихта да талай жаңалықтар ашылды. Киноөнеріне ерекше мән берілуі тиіс деп бағыт-бағдар берген бағдарлама артықшылығын RUH.KZ сайтына қазақстандық https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%B8%D1%81%D1%81%D0%B5%D1%80” title=”Кинорежиссер”>кинорежиссер, https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%B7%D1%83%D1%88%D1%8B” title=”Жазушы”>жазушы, https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D1%81%D1%96%D2%A3%D1%96%D1%80%D0%B3%D0%B5%D0%BD_%D2%9B%D0%B0%D0%B9%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96” title=”Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”>Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D1%81%D1%8B%D0%B9%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B” title=”Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы”>Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Сатыбалды Нарымбетов тарқатты.
– “Басымыздан өткен кезеңдерден хабарсыз қалып жатқан жастарға аталарын көрсетіп, тарихымызды жасаған, халқымыздың абыройын асқақтатқан тұлғаларды кино арқылы таныту, тарихымызды жаңғырту сияқты ұлы мақсат тұр. Ол мақсат «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен, 2005 жылы «Мұстафа Шоқай» фильмін түсірдік. Одан кейін «Аманат» фильмі жарық көрді. Енді құдай қаласа, жақында тағы бір тың дүние түсірсек деген жоспар бар. Ол кинотуынды не туралы болады дейсіз ғой?
1965 жылы Қазақ Ұлттық Университетінде оқып жүргенімде Фаина Стеклова деген профессор маған сабақ берген еді. Сол кісі Прагадағы архивтерден поляк зерттеушісі Адольф Янушкевичтың қолжазбаларын тауып алып, орысшаға аударып, одан қазақ тіліне аударып, ол еңбегі бестеллерге айналған. Кейін белгілі болғанындай поляк әдебиетінің көрнекті өкілі Г.Зелинский Янушкевичтің ықпалымен атақты «Қазақ», «Дала» поэмаларын жазған. Бұл поэмада сол кездегі қазақ тұрмысы мен өмірінен мол мағлұмат алуға болады. Романтикалық сарында жазылған дастанның артықшылығы сол Еуропа оқырмандары қазақ даласының болмысын, оның табиғаты мен тағдырын бағамдай, бағалай алатындай әсерде болады. Янушкевич Ұлы тұлғалармен дос жаран болған. Еуропадан келген немесе басқа жақтан келгендер бізді киргизы деуші еді, поляк халқының адал перзенті Янушкевич бізді қазақ ретінде күллі әлемге танытты. Біздің елде жүріп, бауырларына хат жазған сайын әр құбылысқа тәнті болып, қағаз бетіне ерекше әсерін түсіріп отырған. Янушкевичтің жазып қалдырған күнделіктері мен хаттары Қазақстан тарихын зерттеушілер үшін үлкен деректік мәні зор мұрағат. Оның ұлан-байтақ қазақ жерінен көргендері мен білгендері тарихи деректерде маржан болып тізілді.
Янушкевич жайында қазақ халқының айтары көп. Ол адам жайында кейінгі ұрпақ та білуі тиіс. Сол себепті соңғы 3 жылдан бері осы кісі жайында кинотуындыны жарыққа шығару ісімен айналысып жүрген жайымыз бар. Ол фильм «Жаңғырық» деп аталады. Орыс тіліндегі атауы «Долгое эхо».
Қазақ жеріндегі ғұмыр сапарында Адольф Янушкевич қарапайым халық арасында жүріп, 2 жыл ішінде қазақ тілін үйреніп, тіліміздің өміршеңдігін, байлығын ерекше айтып, айтыс өнерімізге сүйсініп, иісі қазақ әулетінің өздерінің әдет-ғұрпында тазалық пен мәдениеттілікке қаншама мән беретіндігіне көңіл аударады.
Осындай адамдар жайында неге фильм түсірмеске? Қазір қаражат күтіп отырмыз. Жақын арада бұл мәселе шешіледі деген үміт бар.
Фильмде мен ерекше өз режиссерлік көзқарасыммен Янушкевичтің өмірбаянын көрсете отырып, қазақ даласының байлығын көрсеткім келеді.
Мысалы, сценарийде мынандай бір жағдай болады, Янушкевич Қоянды жәрмеңкесіне келе жатып, бір дыбыс естігендей болып, тоқтай қалады екен. Дауысы жер жарады, дейді ғой, сол сияқты, ұшы-қиыры жоқ далада келе жатып, біреудің ерекше бір ән салғанын естігендей, дала тірілгендей сезімде болған екен. Ондай әншілер қазағымызда болған да, бола да бермек. Әміре жолын бүгінде Димашымыз жалғастырып келе жатыр емес пе? Сол сияқты әншінің үнін естісе керек. Осы сәтте фильм аясында мен құмы да, өзені де, суы да, орманы да, шөлі де бар кең байтақ жеріміздің сұлулығын, мінезін, музыкасын шағылыстырсам деймін.
Рүстем Әбдірашев, Ақан Сатаев – менің шәкірттерім. Олар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асқалы бері бірқатар тың дүние түсіріп үлгірді. «Томирис» фильмі жақында көрермен назарына ұсынылмақ. Қазір «Қасым хан» фильміне кастинг өтіп жатыр. Жалпы қазақ киносында әжептәуір өзгерістер бар. Сондықтан айтарым, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тәуелсіздігімізді алғалы бері керек болған бағдарлама. Қазір, мінекей, тарихымызды шаңнан тазартып жатырмыз. 370 жыл біз қараңғы түнекте отырдық. Енді дүр сілкініп, рухани, тарихи айнамызды түзеп келеміз. Жастар өздерін қазақ екенмін ғой, тарихым бай екен ғой, батыр аталарым бар екен ғой десін, деп жүрміз.
Біз үшін ерекше жаңалық – биыл Елбасы “Қазақ киносының” заңын бекітіп, қол қойды. Енді сол заңның аясында өз еркімен тек басқа ел кинотуындаларын ғана көрсетіп, табыс көзіне айналдырған кинопрокатқа заңды түрде шектеу қойып, ұлттық төл кинотуындыларымызды насихаттауға атсалысатын патриот әріптес болуына шақыруымыз керек. Немесе лимит белгілеу қажет. Себебі -киноэкран өте өткір идеологиялық қару екенін естен шығармайық”.
Сұхбаттасқан Айнұр Нұрманғалиева, Ruh.kz