Жаңалық

Сауда-экономикалық колледж студенттері білімдерін зертханаларда шыңдауда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Астана қаласындағы Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде «Маркетинг» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтарына арналған «Азық-түлік тауарларының сатушысы», «Бақылаушы-кассир», «Аспазшы» және «Кондитер» жұмысшы біліктілігін беретін оқу-практикалық зертханасы ашылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазір білікті мамандарды дайындау тек білім беру мекемесінің міндеті емес, оны жұмыс берушілермен бірге дайындау қолға алынуда. «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасының аясында аталмыш колледж осы оқу жылында жаңадан «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығын ашқан.

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білікті, тәжірибелі маман дайындау үшін бізге зертханалар керек болды. Осы зертханаларды ашу үшін біз Астана қаласының бизнесмендеріне ұсыныс жасадық. Олар ұсынысты қабыл алды», – дейді Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің директоры Мырзабек Күжімов.

Аталмыш колледжге әлеуметтік серіктестер 7 млн теңгеден астам қаржылай қайтарымсыз инвестиция құйған, ал білім ордасы осы бөлінген қаржыға зертханалар ашып отыр.

«Бұл ашылған зертханалар колледж студенттерінің оқу, білім алу, біліктілігін арттыру, тәжірибе жинақтауда үлкен қолғабыс болады, ең бастысы жұмысшы мамандығына ие болады. Мысалы орта деңгейлі маман болу үшін жұмысшы мамандығын меңгеру керек. Біз теориядан гөрі практикаға көңіл бөліп жатырмыз», – деп атап өтті колледж директоры.

Қазір аталмыш зертханалар студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыруға септігін тигізіп жатыр. Студенттер оқуларын аяқтағанда тәжірибелі, практикада шыңдалған дайын маман болып шығады.

Колледж басшысы ұжым атынан, студенттер атынан осы зертханаларды ашуға жәрдемдескен әлеуметтік серіктестеріне алғысын білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button