Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Жыл сайын 31 мамыр – елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл қазақ халқының тарихы мен санасында терең із қалдырған, қайғылы оқиғаларға толы қасірет күні. Бұл күні халық қуғын-сүргін және жаппай ашаршылықтың құрбаны болған мыңдаған жазықсыз адамдардың тағдыры мен қиыншылықтарын еске алады.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін 1920 жылдары басталғанымен, ең үлкен ауқымына 1930-40 жылдары жетті. Осы кезеңде Кеңес Одағы ұжымдастыру және индустрияландыру саясатын жүргізген болатын, бұл өз кезегінде жаппай қоныс аудару мен депортациялауға әкеліп соқты. Миллиондаған адамдар контрреволюциялық әрекетпен айыпталып, қамауға, азаптауға және ату жазасына ұшырады. Қазақстанда қуғын-сүргін қоғамның барлық салаларына, соның ішінде зиялы қауымға, шаруаларға және жұмысшы табына әсер етті.
1932 жылға қарай еліміздің барлық өңірлерінде ашаршылық болды. Ауылдарда да, зауытта да, тіпті Алматының көшелері де мәйіттерге толы болған, еш жерде ашаршылықтан қашып құтылу мүмкін емес еді. 1932 жылы республикадағы кез-келген адам - орыс колхозшысы, жергілікті партия жетекшісі, зауыт жұмысшысы – аштыққа тап болды. Осы кезеңде тірі қалу үшін тапқырлық, кейде тіпті қатыгездік қажет еді.
1930 жылдарда өткен жаппай ашаршылық - Қазақстан тарихындағы ең қорқынышты кезеңдердің бірі.Ашаршылықтың себебі тек табиғи факторларда ғана емес, сонымен қатар Кеңес өкіметі жүргізген ұжымдастыру саясатында болды. Осы ашаршылық салдарынан миллиондаған қазақтар қаза тауып, көптеген отбасылар бір-бірінен ажырап,мәденидәстүрлер мүлде жойылып кеткен болатын.
Қазақстандағы ашаршылық Украина мен Кеңес Одағының басқа аймақтарын да қамтыған кең құбылыстың бір ғана бөлігі болып табылады. Күштеп ұжымдастыруға мүлде сәйкес келмейтін қазақтардың көшпелі өмір салтына байланысты Қазақстанда ашаршылықтың салдары ерекше жойқын болды. Көптеген адамдар үйлерін тастап, басқа аймақтар мен елдерден баспана іздеп құтқарылуға мәжбүр болды.
Сталиндік қуғын-сүргін кезеңінде Қазақстан көптеген халықтар депортацияланған орынға айналған болатын. Мұнда Еділ бойындағы немістер, шешендер, ингуштар, корейлер, Қырым татарлары және басқа этникалық топтар қоныс аударуға мәжбүр болды.
Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу осы қорқынышты жылдарды бастан өткергендердің жеке оқиғалары мен дәлелдерін ескерусіз мүмкін емес.
Мұхамет Шаяхметов өзінің естеліктерінде ескі достары оны өз үйіне алмағаны, тіпті түнеуге рұқсат бермегені туралы жазады:«Әркімнің ойында бірғана нәрсе болды:ертеңгі күнге қалай тамақ табуға болады?Тіпті ең мейірімді адамдар, жақын достар мен туыстар енді бір-біріне көмек көрсете алмады».
Аштықтан аман қалған Зейтин Ақышев кейбір партия қайраткерлерінің өздері үшін орасан зор тәуекелге барып, далаға шығып, тастанды балаларды тауып, оларды балалар үйлеріне әкелгенін еске алды. Қазақстанға жер аударылған профессор Габриэль Невадовскийдің қызы, он жеті жасар Татьяна Невадовская күнделігіне аштыққа ұшыраған адамдарға көмек ретінде су мен тамақ тасығаны туралы жазады. Сонда да, аштықтан көшелерде қырылып жатқан қазақтар сол кездері үйреншікті көрініске айналды, ал олардың өлімі ешкімді таң қалдырмады.
«Кісі өлтірушілердің каннибализмі», яғни ет үшін адамдарды өлтіру туралы кең таралған қауесеттер көптеген адамдарды, ең алдымен, аштықтан балаларын ұрлап кетеді деп қорқатын ата-аналарды алаңдатты. Батыс Сібір мен Орта Еділ бойында қоныс аударушылар орыс балаларын жейді деген әңгімелер болатын. Ал ашаршылық куәгерлері каннибализм мақсатында кісі өлтірудің жекелеген жағдайларын сипаттаған.
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының саны үш миллионнан астам адамға жетуі мүмкін. 20-ғасырдың тарихи трагедиясын зерттеу мен елімізде арнайы мемлекеттік комиссия айналысады.Бұл комиссия 4жыл бұрын мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған болатын.Оның құрамына ғалымдар,сарапшылар,зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Комиссия республиканың барлық өңірлеріндегі ондаған мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарында бірнеше жыл қажырлы жұмыс жүргізген болатын. Осының арқасында материалдардың үлкен көлемі құпиясыздандырылды.Барлығы - 2,5 миллионнан астам құжат қарастырылып, режимнің 311 000 құрбаны ақталды.
Өткен ғасырдың нақты бейнесін қалпына келтіру жұмыстарына отандық ғалымдармен бірге шетелдік мамандар да тартылды.Нәтижесінде72 томдық жинақ басылып шығарылған.Оның бір бөлігіастаналық мемлекеттік мұрағат базасында сақталуда.
Қазақстан Президенті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 31мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай хабарлама жариялады.Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет жазықсыз қуғын-сүргіннен зардап шеккендерге қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге, тарихтың қараңғы беттерін мұқиятжәне объективті зерттеуге көп көңіл бөлетінін атап өтті.
«Өткеннің қорқынышты сабақтарын толық игеріп, оларды есте сақтай отырып, біз кез келген сын-тегеуріндерді еңсеріп, әділ мемлекет пен үйлесімді қоғам құру жолында жаңа биіктерге жете аламыз», - деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгінгі таңда Қазақстан саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуды ұмытпайды. Елде көптеген мемориалдар мен мұражайлар ашылған, ғылыми зерттеулер жүргізіліп, осы қайғылы оқиғаларға арналған кітаптар осы күнге дейін жарық көруде. Ең танымал ескерткіштердің бірі - Алматыдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен, ол террор кезеңінде зардап шеккен мыңдаған адамдарды еске түсіреді.
Жас ұрпаққа өткен оқиғаларды біліп жүріп, есте сақтауға бағытталған білім беру бағдарламаларына да ерекше назар аударылады. Мектептер мен университеттерде саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық тарихына арналған сабақтар мен дәрістер өткізіледі. Бұл қайғылы оқиғалардың құрбандарын еске алу адамдардың жүрегінде сақталуы және ұрпақтан-ұрпаққа берілуі аса маңызды.
31 мамыр – Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - тарихтың қайғылы беттерін еске түсіретін маңызды күн. Осы қайғылы оқиғалардың құрбандарын есте сақтау - мұндай сұмдықтар ешқашан қайталанбауы үшін өткен және болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз. Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу бізге адам өмірінің, бостандық пен әділеттіліктің құндылығын түсінуге және мұндай қайғылы оқиғалардың әлемде бұдан былай болмауын қамтамасыз етуге көмектеседі.