Жаңалық
Редакция таңдауы
Семей қаласының Қазақстан тарихындағы маңызы
Қазақстанның көне қалаларының бірі – Семейдің негізі сонау 1600 жылдары қаланған. Тарихи деректерге сүйенсек, жоңғарлар мекен етіп, кейіннен Әбілпейіз ханның тұсында сауда-саттықтың ордасы болды. Бұл Семейдің гүлденген кезі еді. 1718 жылы патшалық Ресей уақытында Семипалатинск қаласының негізі қаланды. Ал 1918 жылы Семей Алаш Орда ұлттық-территориялық автономиясының ресми астанасы Алаш қаласы атанып, мұнда біртұтас Алаш идеясына ұйыған ұлт зиялылары шоғырланды. Міне, 25 жылдан кейін, қайтадан облыс мәртебесін ие болды.