Жаңалық

Семейде неше мешіт болған?

Абайдың өмір сүрген тұсында – Семейде неше мешіт болған және сол мешіттердің бірінде имам болған Абайдың ұстазы кім?

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өңірімізде көптеген іс-шаралар іске асырылып, бабамыздың өмірбаяны мен шығармалары насихатталуда. Осындай іс-шаралардың бірі – «Jas Otan» ЖҚ Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген байқау. Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің маманы Данара Қабыкен байқаудың жеңімпазы атанып, жүлдеге тігілген қазақтың қара домбырасын ұтып алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау шарттарына сәйкес қатысушы Абай Құнанбаевтың бесінші ұрпағы Құсман ата қойған сұраққа жауап беріп, біздің ресми инстаграм парақшамызға тіркелуі қажет болған. Байқауға 200-ге жуық адам қатысты.

Байқаудың сұрағы келесідей болды: Абайдың өмір сүрген тұсында – Семейде неше мешіт болған және сол мешіттердің бірінде имам болған Абайдың ұстазы кім?

Жауабы: Абайдың өмір сүрген тұсында – Семейде 12 мешіт болған; Абайдың ұстазының есімі Көнәлі хазірет.

Атына заты сай Данара әріптесімізді осынау жеңісімен шын жүректен құттықтай отыра, биік белестерді бағындырып жүре беруіне тілектеспіз!

Ескерту: Суреттің тақырыпқа қатысы жоқ. 

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button