Жаңалық

Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды

Фото: Абай облысының әкімдігі

"Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік мұражай-қорығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ынтымақтастығы аясында "Абай мұрасы мен қазіргі мұражай: таным тоғысында, білім, ғылым және тәрбие" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Ruh.kz өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында ұлы ойшылдың туған жерінде арнайы ғылыми-мәдени орталық құру бастамасы айтылды.

Жоба Абай мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттаудың жаңа тәсілдерін іздестіру, оқу-ағарту, ғылыми және білім беру іс-шараларында заманауи мұражайлардың әлеуетін пайдалану, сондай-ақ өлкетануға басымдық беретін мәдени туризмді дамытуға бағытталған. Бастама музейге келуді арттыру және жаһандану жағдайында өскелең ұрпақты ұлттық тарих пен мәдениетті меңгеруге бағытталған.

Ашылу салтанатынан кейін абайтанушылардың кездесуі өтті. Студенттерге Абай философиясы мен шығармашылығы туралы ашық дәрістер ұйымдастырылып, сарапшылар көрнекті ойшылдың мұрасы туралы өз зерттеулері мен бірегей пікірлерімен бөлісті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button