Сенатор: Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына барлығымыз қызмет жасауымыз керек
Сенат депутаты Динар Нөкетаева Президент қабылдап жатқан шешімдерге қолдау білдіріп, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына қызмет жасауға шақырды.
«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының қазіргі қиын жағдайларда жасап жатқан барлық тапсырмаларын, мүмкіндіктерін, қабылдап жатқан шешімдерінің барлығын Сенат депутаты ретінде қолдаймын. Еліміздің тұрақтануына, жағдаяттың жақсаруына, еліміз қайтадан қауіпсіз жағдайға келуіне, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің тұғырлы болуына барлығымыз қызмет жасауымыз керек», деді сенатор Динар Нөкетаева.
Сондай-ақ, жастар мен балалардың тәрбиесі де мықтап қолға алынуы керек екенін атап өткен Сенат депутаты: «Президентіміз биылғы жылды Балалар жылы деді. Болашақта балаларымыздың, жастарымыздың тәрбиесіне өте көңіл бөлу керек», деді.