Жаңалық

Сеулде Ш.Айтматов повесінің желісімен жазылған спектакль сахналанды

Оңтүстік Кореяның 60 жылдық тарихы бар театрында алғаш рет қазақстандық қойылым көрсетілді. 

Екіжақты ынтымақтастық 2019 жылы басталған. Сол кезде Алматыдағы корей музыкалық комедия театрымен мәдени алмасу туралы келісімге қол қойылған еді.

Қазақтың шаңкобызы немесе қырғыздың темир комус аспабы Корея сахнасында алғаш рет естілді. Спектакль екі елдің біріккен туындысы. 1967 жылы Шыңғыс Айтматов жазған «Қош бол, Гүлсары» повесінің желісімен жазылған туындыны қазақстандық жас режиссер Дина Жұмабаева сахналады.

«Қойылым Алматы корей театрымен ынтымақтастықтың нәтижесі. Біз «Қош бол, Гүлсарыны» Қазақстанда көрсете аламыз деп сенемін. Актерлер мен режиссерлердің барлығы корейлер, хореографияны және дыбысты біз Қазақстанның онлайн қолдауымен жасадық. Біздің қойылымның айырмашылығы – дәстүрлі музыка мен корей стиліндегі қозғалыстар», – деді Корея театр қауымдастығының басшысы О Тхэ Гын.

Спектакльге дайындық Сеулде індеттің өршуіне қарамастан өткен жылдың соңында басталды. Артистердің былтыр Қазақстанға бару жоспарлары болған. Бірақ коронавирусқа байланысты жол түспеді. Корей театрының ұжымы алматылық әріптестерінен бейнеконференция арқылы кеңес алған. COVID-19 спектакльдың тұсаукесеріне де әсер етті. «Қош бол, Гүлсарының» көрермендер саны шектеулі болды. 150 адамға арналған залды 30 процентке толтыруға ғана рұқсат етілді.

«Корейлер Қазақстан мен Қырғызстан туындылары туралы білмейді. Біз де оларды бірінші рет қойып отырмыз. «Қош бол, Гүлсары» біздің қойылымдарға ұқсайды, сондықтан оны таңдадық. Бізде ақпарат жеткіліксіз болды, бірақ қазақстандық спектакльді қарап, талдау жүргіздік. Содан кейін кейбір қозғалыстар не үшін қолданылғаның түсіндік. Бірақ оны корей актерларға түсіндіру қиын болды», – дейді режиссер Кан Те Сик

«Қош бол, Гүлсары» спектаклі биыл Кореяда өтетін театр фестиваліне ұсынылуы мүмкін. Алматылық әртістердің де Сеулге келуі жоспарланған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button