«Шәкен Айманов» деректі фильмінің қоюшысы Марк Берковичтің туғанына 110 жыл

Бүгін кеңес дәуірінің танымал кинорежиссері,операторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Марк Берковичтің туғанына 110 жыл.
Ол – қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы үшін орасан қызмет атқарған тұлға. «Мосфильм», «МосНаучФильм» және «ҚазақФильм» секілді студияларда қызме атқарып, осы күнге дейін көрермен көңілінен шығатын деректі, ғылыми және хроникалық ленталарды жарыққа шығарған. Сондай-ақ 1985 жылы басып шығарылған «Аяқталмаған өмір киноленталары» атты естелік-кітаптың авторы.
Марк Беркович туындылары: «Бес жылдан кейін», «Мұқанның қайта тууы», «Алматы», «Алғашқы гүлдер», «Жаңа жылыңызбен», «Шәкен Айманов», «Түсті металлургия», «Обелиск», «Жаңа алаң» және т.б.
Сонымен қатар қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы Шәкен Аймановпен шығармашылық бірлікте болып, «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бір ауданда», «Әнші ауыл», «Алдар көсе», «Тақиялы періште», «Найзатас баурайында» атты көркем фильмдерін түсірген.