Жаңалық

Шалқытып ән өршіген ақ Ертісім

«Бастау алып ағады Қытай жерінен,

Бұрынғы атақоныс қазақ елінен,

Көп өзендер суымен молығып,

Тоғысады Қара Ертіс Зайсан көлімен.

Зайсан көлінен ұзын Ертіс ағады,

Қалың тоғай көк майсалы жағалы.

Өскемен, Семей, Павлодарды қақ жарып,

Солтүстік Мұзды мұхитқа құяды»

«Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс»

Ертіс өзені – Солтүстік Мұзды мұхиты алқабындағы ең ірі өзен. Ертістің суы еліміздегі басқа өзендерге қарағанда әлдеқайда мол. Оның жалпы ұзындығы – 4248 километр, ал Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 1700 километрді құрайды. Ертіс «иір өзен, иір су» деген мағынаны білдіреді. Өзен Моңғол Алтайынан бастау алып, еліміздің шығысынан өтеді де, Ресейдің Обь өзеніне құяды. Яғни, Ертіс – еліміздің шығыс бөлігін алып жатқан ірі өзен.

«Суы тұнық, шөбі шүйгін, малға да, жанға да жайлы мекен»

Аралас қоректенетін бұл өзен жайында аңызда да, шынайы өмірде де жиі ұшырасады. Асай Қайғы бабамыз кезінде желмаясымен жаһанды аралап жүріп: «Суы тұнық, шөбі шүйгін, малға да, жанға да жайлы мекен болғандай. Қос қапталындағы нулы тоғайы, ағынды суы кісіні қызықтырады екен. Түбінде қара Қытайдың құлағы қылтиып көрінетін жер ғой» деген екен. Абыз бабамыз бұны Ертістің бойымен жүріп өткенде айтыпты. Асан Қайғының осы сөздері Ертістің адамға да, қоғамға да пайдасы орасан екенін білдіріп тұрғандай.

Солтүстік жарты шардағы ең ірі 10 өзеннің қатарына кіреді

Ертістің суы арзан электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Сондай-ақ өзен кәсіптік маңызы бар балық түрлеріне өте бай. Сол себепті егер де Алтай жеріне жолыңыз түсіп жатса, онда міндетті түрде Ертістің шоқыр, бекіре, лақа, аққайран, шортан, сылан, қара балық, алабұға секілді балықтарының дәмін татып кетіңіз. Айтпақшы, сіз бұрын Семей шаһарын ауыз сумен қамтамасыздандыратын Ертіс өзені солтүстік жарты шардағы ең ірі 10 өзен қатарына кіретінінен хабардар ма едіңіз? Қысқасы, ұлы Абайды шомылдырған Ертіске тезірек жолыңызды бұрып, міндетті түрде барыңыз. Қанша дегенмен 10 рет естігеннен 1 рет көрген артық қой.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button