Жаңалық

Шəкен Аймановтың туған күні

105 жыл бұрын актер, кинорежиссер, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі АЙМАНОВ Шәкен Кенжетайұлы дүниеге келді.

2019 жылы қазақтың бірқатар дара тұлғасының мерей тойы аталып өтеді. Сол тұлғалар қатарында ерекшеленіп, біртуар азамат Шәкен Айманов тұр.

Мерейлі жылы еліміздің түкпір-түкпірінде талантты кинорежиссердің құрметіне сан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Мәселен, Бұқар жырау атындағы әдебиет жəне өнер музейі Шәкен Айманов атындағы кинотеатрмен бірлесіп,  Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала негізінде тұңғыш қазақ кинорежиссерінің 105 жылдығына орай “Бүгін Шəкен Аймановтың туған күні ” атты кинолекторий ұйымдастырды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында кино өнері саласына тереңірек  көңіл бөлу керектігін баса айтқан. Осы мақсатта ұйымдастырылған кеш Ертіс-Баян өңірінен шыққан дарынды азамат, театр және кино саласында өшпес із қалдырған актер Шәкен Аймановтың туған күніне орай ұйымдастырылды.

Кинолекторий барысында Бұқар жырау атындағы әдебиет жəне өнер музей қорынан «Дарынның қайнар бұлағы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге актер, әрі кинорежиссердің жеке заттары мен  өмірінен сыр  шертетін фотосуреттері мен құжаттары қойылды. Әсіресі  Шакен Айманов киген былғары тоны мен  бірқатар кинофильмдерде киіп түскен бөрігі көрермендердің қызығушылығын туғызды.

Іс-шараға шақырылған мектеп оқушылары мен кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне көрме бойынша  шолу экскурсиялар өткізілді.

Тамаша кездесуде Шәкен Аймановтың өмірбаяны, шығармашылық жолы тілге тиек болды. «Найзатас» әдеби-көркем және  қоғамдық саяси журналының бас редакторы Асыл Әбішке де сөз берілді. Дәстүрлі әнші  Жанболат  Байсолтан  Шәкен Аймановтың сүйіп орындаған «Жиырма бес» әнін шырқады. Кинозалда жалғасын тапқан шара соңында жиналған қауымға біртуар азаматтың режиссерлығымен түсірілген “Тақиялы періште” фильмі көрсетілді.

Айнұр Нұрманғалиева, Ruh.kz 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button