Жаңалық
Редакция таңдауы
Шерхан Мұртаза туралы 8 дерек
Бүгін - қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаның туған күні. Ол 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған.
![](/storage/storage/element/2022/09/28/mainphoto/WJn39Nk7cIjkJZOrVXHLcTVW9fJNlBqtnBuBtWdY.jpg?time=1701081358)
Назарларыңызға Шерхан Мұртаза туралы 8 қызық деректі ұсынамыз:
- Шерхан Мұртаза 6 жерде бас редактор болып қызмет атқарған.
1970 — 1972 жылы «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы;
1972 — 1975 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы;
1980 — 1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы;
1989 — 1992 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы;
1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы;
- Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізген.
- Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.
- Алғашқы «Құрылысшы Дәку» атты очерктер жинағы 26 жасында жарық көрді.
- Жазушының еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған.
- Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды «Қызыл жебе» деп аталады. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. Сондықтан да бұл халықтың ықыласына ерекше бөленген шығарма.
- Бір қызығы Шерхан Мұртаза бастапқыда жазушы, журналист ретінде емес ақындығымен танылған.
- Төс белгілер және асықтар жинағанды жақсы көрген.
Дереккөз: Bugin.kz