Жаңалық Редакция таңдауы

«Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы» көрмесі ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы» көрмесі ашылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Іс-шара «Қазақстан және Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасы шетелдің архивтік қорларының жинақтарында» ғылыми жобасының шеңберінде өткізілді.

Көрмеде ерте заманнан бастап бүгінге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің объективті тарихын қалпына келтіру мақсатында, шетелдің архивтері мен қорларынан алынған тарихи жәдігерлердің бірегей көшірмелері ұсынылды.

Көрмеде Қытай, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Италия, Дания, Швеция және Венгриядағы қорлардан алынған архивтік құжаттар және ішіне миниатюралар, картиналар, фотосуреттер мен бұйымдар кіретін визуалды артефактілер мен экспонаттар ұсынылды.

Бұл жәдігерлер қазақтардың Еуразияның басқа халықтарымен тарихи байланыстарын дәлелдейді.

Көрменің мақсаты – көне және ортағасырлық дереккөздер призмасы арқылы ертеден қазіргі заманға дейінгі қазақ мемлекеттілігі тарихының шынайы бейнесін қалпына келтіру.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button