Жаңалық

Шілдеханаға кім қатыса алады?

Нәрестенің жарық дүние есігін ашқандағы ең алғашқы мерекесі туралы не білеміз, ол қалай орындалған және бұл тойға кімдер қатыса алады? Толығырақ мақаладан оқып, біле аласыз.

«Шілделік» қандай мағына береді?

Келіншек айы-күні жетіп, босанады. Келесі күні үйде үлкен той ұйымдастырылады. Оның аты – шілдехана (шілделік, шілде күзет). Неліктен мұндай атауға ие болған деген сұрақ туындайды. Оның мәні – жаңа туған шақалақты жын-періден қорғап, күзету. Сол себепті дәстүрдің екінші бір атауы – «шілде күзет». Өздеріңіз білетіндей, жаңа босанған әйел мен өмірге келген нәрестенің жағдайы 40 күн бойы тым әлсіз болады. Мұндай атау беру бекер емес. Әрине, бұл – жорамал, сенім. Ғылыми тұрғыдан айтқанда да сенім шындыққа жанасады. «Шілде» (шіллә) сөзі парсы тілінен аударғанда «қырық» деген мағынаны білдіреді.

Мерекеге кімдер қатынаса алады?

Ең алғаш естіген адам барлық көрінген адамнан сүйінші сұрайды. Сөйтіп өмірге сәби келгенін естіген дүйім жұрт шілдеханаға жиналады. Айта кету керек: шілде күзетке қонақты арнайылап шақырмайды; ошағын жағып, етін асып, бауырсағын пісіріп, ақ дастарқанын жайып, үй иелері күтіп отырады. Ағайын-туыстар мен барша жақындар бөпелі болған шаңырақтың есігін аттаған бетте шашу шашып, «Бауы берік болсын!» деп айтады.

Мойын-омыртқаның баланың мойнына не қатысы бар?

Ет кесіп отырған қарт кісі малдың мойын-омыртқасын алып, жаңа босанған келіншекке береді. Дәстүрге сәйкес, әйел етке пышақ жолатпастан жеуі тиіс. Кейін мойынды басқа келіншектерге ауыз тигізеді. Мойын-омыртқа – еттің маңызды бөлігі. Соңында еті қалмай, тазалап желінген мойынды биікке апарып, іліп қояды. Бұл баланың мойны берік болсын деген

ниеттен туған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button