Жаңалық

ШҚО-да әскери –патриоттық клуб ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласының Абай атындағы орта мектебінде «Жас сақшы» әскери-патриоттық клубы ашылды.

Жаңадан ашылған әскери-патриоттық клубқа ауған соғысының интернационалист –жауынгері, Шығыс Қазақстанның тумасы  Бейсембаев Самат Сарбасұлының есімі беріді.

Отан үшін кеудесін отқа төсеген қайсар ұлдардың батырлығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен шараға аудандық әкімдік өкілдері, аудан әкімінің орынбасары А. Ибраев, мектеп оқушылары, жауынгердің туыстары, әскери қызметкерлер және қоғам белсенділері қатысты. Жиында Самат Бейсембаевтың өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетілді.

Аудан әкім орынбасары А. Ибраев сайысқа қатысушыларды құттықтай отырып:

«Қазақтан шыққан батыр ұлдардың есімін есіне сақтайтын ұлтжанды ұрпақтың өсуіне игі әсері мол әскери-спорттық патриоттық клуб мүшелерінің рухы әр қашан биік болсын», – деді аудан әкімі А. Ибраев ашылу салтанатында.

«Жас сақшы» әскери-спорттық патриоттық клубының мүшелері салтанатты түрде ант қабылдап, ШҚО «Әскери спорттық клубтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Асаубайұлы Тусупов клуб мүшелеріне арнайы куәліктер табыстады.

Сонымен қатар, шара «Зарница» әскери-патриоттық ойынымен жалғасты. Бұл ойынға 8 команда қатысты, оның ішінде Бородулиха ауданының командасы да болды.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Маяковский атындағы орта мектеп, ІІ орынды (Шар қ.) Абай атындағы орта мектеп және ІІІ орынды Абай атындағы мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды.

Елдің ертеңі болар ел тұтқасын ұстайтын ұл-қыздарымызды тәрбиелеуге бағытталған игі іс осылайша өз мәресіне жетіп, барлық командалар алғыс хаттар және медальдармен марапатталды. Ал Маяковский атындағы орта мектеп командасы ауыспалы Кубокты иеленді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button